«Қазақ тілі мен әдебиеті» апталығы аясында өткен «Әлемдегі ғажайып ғимараттар». Сөйлем түрлері. Сөйлем мүшелері» атты ашық сабақ

2024-жылдың 19-наурызында М-123 тобында қазақ тілі пәнінің мұғалімі Смагулова Б.Т. ашық сабақ өткізді.
Оқытушы сабақтың әр кезеңінде оқушылардың қызығушылығын ояту, байланыстыра сөйлеу, сөздік қорын молайту маақсатында түрлі әдіс-тәсілдерді, атап айтқанда «Шаттық шеңбері», «Ыстық орындық», «Доп лақтыру», «Пазл», «Венн диаграммасы», «Тұжырымдық карта» тиімді қолданды. Студенттер сабаққа өте белсенді қатысты.
Сабақта оқушыларға білім дайын түрде ұсынылмады, оны мұғалімнің басшылығымен өз беттерінше алу қажет болды. Сабақтың әрбір кезеңдерінен өткен сайын оқушылар берілген тапсырмаларға тез, дұрыс жауап беруге тырысып ұйымшылдыққа тәрбиеленді, белсенділіктері, қызығушылықтары артты.
Сабақ барысында оқушылардың арасындағы дұрыс психологиялық қарым – қатынас жасауына мұғалімнің тәрбиелік әсері сәтті жүзеге асты, оқушылар тапсырмаларды орындау кезінде оқушылардың бір-бірімен ақылдаса жұмыс жасауы, ұйымшылдыққа, бір-біріне сенім білдірулеріне, бір- бірінің жауабын сыйластықпен тыңдауы басшылыққа алынды.