Ұлттық Мәдениетті Дамыту

ИнЕУ жоғары колледжінің директоры Ташекенова А.У – мен Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері мен студенттері Ұлттық киімді дәріптеу,ұдайы киіп насихаттау мақсатын бейнеролик түсірген болатын.
Президент сонымен бірге Қазақстанда ұлттық мәдениетті дамыту керегін айтты.
“Ұлттық мәдениет дегеніміз бұл – мағынасы терең, көпқырлы ұғым. Халқымыздың төл мәдениеті салт-дәстүрден, әдет-ғұрыптан бастау алады. Ұлттық киімнің өзі – ұлт мәдениетінің жарқын көрінісі. Сондықтан ұл-қыздарымыз ұлттық киімді Наурыз мейрамында я болмаса басқа мерекелерде жиі киіп жүрсе, керемет болар еді. Тек мерекеде емес, ұдайы киіп жүрсе де, жарасымды болатыны сөзсіз. Жалпы ұлт мәдениеті – халық өмірінің айнасы, оның болмысы. Еліміздің рухани дамуы ұлттық рухқа тікелей байланысты”, – деді ол.