11.03.24 – 16.03.2024 ж. ИнЕУ ЖК-де гуманитарлық пәндер ЦӘК пәндік апталығы өтті. Апталықтың мақсаты: пәндерді оқуға қызығушылықты арттыру, танымдық, коммуникациялық, шығармашылық құзыреттілікті дамыту; қызығушылыққа тәрбиелеу.
Апта аясында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары А.К. Бейсенова, А. К. Макимова, Т. Ш. Мусина және педагогика пәнінің оқытушысы В. Г. Яценко ашық сабақтар өткізді. Бұл “CANVA” платформасын пайдалану, “Қозғалыстағы оқыту” технологиясы және экскурсиялық сабақ және оқытудың топтық түрі.
Педагогика пәнінің оқытушысы А. Ш. Досанова әріптестеріне “Сабақтарда жаңа педагогикалық технологияларды қолдану” тақырыбында семинар өткізді. Семинар барысында оқытушылар әртүрлі сабақтарға қажетті жаңа интерактивті құралдарды қолдануды игерді. Ал колледж психологы А.Т. Хисамитова колледж қызметкерлерін “Эмоционалды кәсіби күйіп қалудың алдын алу” тақырыбындағы психологиялық тренингіне шақырды. Мақсаты-мамандардың психологиялық денсаулығын сақтау және нығайту, психоэмоционалды жағдайларды реттеу дағдыларын қалыптастыру, педагогикалық қызметте кәсіби күйіп қалудың алдын алу үшін жағдай жасау.
Пәндік апта барысында өткізілген сабақтар мен іс-шаралар колледж оқушылары мен педагогтарына көптеген жаңа, қызықты нәрселерді білуге көмектесті!