19 наурыз – Жаңару күні

19 наурыз – Жаңару күні. Бұл күн ел өмірінде және әрбір қазақстандықтың өмірінде жаңа кезеңнің басталуын білдіреді. Бұл – алға жаңа мақсат қойып, жаңа жобаларды бастау, өмірді жақсылыққа қарай өзгерту туралы шешім қабылдау уақыты. Осы мезгілде табиғат түрленіп, тіршілік қайта жанданады.
Наурызнама бағдарламасы аясында ИнЕУ Жоғары колледжінің Политехникалық бөлімінің студенттері Жаңару күніне орай табиғаттың гүлденуіне сәл де болса үлестерін қосып, аула ағаштарын жаңартып, отырғызды. Табиғатты қорғап, аялау және гүлдендіру болашақ ұрпақтың қолында.