Ұлыстың ұлы күні

Наурыз-табиғаттағы маусымдық өзгерістерге байланысты ең көне халық мерекесі. Шығыс күнтізбесі бойынша бұл көктемгі күн мен түннің теңелуімен сәйкес келетін жаңа жылдың басы. Қазақстанда оны Ұлыстың ұлы күні деп атайды.
Наурыз-көктемгі жаңару, жаңа өмірдің тууы, жаңа мүмкіндіктер мерекесі. Ол құнарлылыққа, махаббат пен достықтың салтанатына арналған.
Колледждің оқу залында Наурыз мерекесіне арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Ұсынылған кітаптардан Наурыз мерекесінің тарихы мен оның дәстүрлері туралы ақпарат таба аласыз.