Бабалар өсиеті

2024 жылдың 13-наурыз күні, ИнЕУ жоғары колледжінің студенттері арасында “Бабалар өсиеті” атты эссе байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: Студенттердің бойына халқымыздың рухани байлығын сіңірте отырып, ата дәстүрін құрметтеуге дәріптеу. Эссе байқауына, экономикалық, энергетикалық және ақпараттық технологиялар бөлімдерінің студенттері қатысты. Эссе байқауының қорытындысы бойынша: УиА-123 тобының студенті Сайдуллаева Балнұр I-орынға ие болды, РПО-113 тобының студенті Каиргельдин Адиль II-орынға ие болды, УиА-113 тобының студенті Кенжебаева Айым III-орынға ие болды.
Іс-шараға жауаптылар: Боранбек Г.М., Смагулова Б.Т.