2024 жылдың 29 ақпанында ИНЕУ ЖК экономикалық пәндер оқытушысы Тусупбекова А.Ш. ұйымдастыруымен қызықты шеберлік сағаты өтті. Шеберлік сағатының тақырыбы: «Білім беруде жасанды интеллектті қолдану». Бұл заманауи технологиялар әлеміне және оның білім беруде қолдануға шынымен де қызықты саяхат болды!
Оқытушылар жасанды интеллект білім беру процесін қалай өзгертетіні, әртүрлі пәндердің ерекшеліктеріне қалай енгізілетіні және студенттер мен оқытушылар үшін қандай перспективалар ашылатыны туралы көбірек білу үшін жиналды.
Шеберлік сағатында білім беруде ЖИ қолданудың нақты мысалдарын қарастырып, әртүрлі процестерді модельдеу, күнделікті тапсырмаларды автоматтандыру мүмкіндіктерін және технологияның дамуымен ашылатын көптеген басқа мүмкіндіктер талқыланды.
Білім беруде жасанды интеллектті пайдалану – бұл тек инновация ғана емес, сонымен қатар білім беру сапасын арттыруға және студенттерге даму үшін жаңа мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретініне сенімдіміз.
Түсіпбекова А.Ш. танымды әрі қызықты шеберлік сағаты үшін алғыс айтамыз! Біз жаңа кездесулер мен дамудың жаңа мүмкіндіктерін күтеміз!