Заманауи жас жазушылар

2024 жылдың 28-ші ақпан күні ИнЕУ жоғары колледжінің оқу залында “Қазақ тілі мен әдебиет” мұғалімі Нуртазина Ф.Ж. мен кітапханашының ұйымдастыруымен студенттерге “Заманауи жас жазушылар” тақырыбында еркін әңгіме отырысы өткізілді.
Іс-шарамыздың қонақтары:
Алтынбек Мұқашев-ақын,бірнеше халықаралық республикалық мүшәйлардың жүлдегері,«Сарыарқа самалы» газетінің веб-редакторы

Мақсат Көлтай-ақын,журналист,«Павлодар ньюс» ақпараттық агенттігінің тілшісі

Еламан Қабділәшім-ақын Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі,«Aiqara.kz» ақпараттық порталының жауапты хатшысы

Еркін әңгімелесу барысында Ақын,жазушыларымыз өз өлеңдерін оқып,студенттердің де өздері шығарған өлеңдерін тыңдады. Студенттер сұрақтарын қойып,жас жазушы,ақын ағаларына қарап қызығушылықтары арта түсті.