Шаңғы жарысының үш дүркін чемпиондары.


🏆 🥇 28 ақпанда “Ертіс” шаңғы базасында 1 лига колледждерінің облыстық спартакиадасы аясында шаңғы жарысы бойынша жарыстар өтті. Жарысқа Павлодар облысы колледждерінің 9 командасы мен 36 спортшысы қатысты.
Қыздар командасының құрамы:
✅️ Белова Светлана, ФС-311 тобы;
✅️ Таранчук Юлия, ФС-311 тобы;
✅️ Таран Екатерина, ФС-311 тобы;
✅️ Виткова Дарья, ФС-113 тобы.

Инновациялық Еуразия Университетінің жоғары колледжінің қыздар командасы қажырлы күрес пен бірлескен еңбектің нәтижесінде 🥇 орынға ие болды. Біздің колледж студенттері үшінші жыл осы жарыстардың жеңімпаздары атанды. Команда өкілдері ДШ оқытушылары Данилкова Ж.С. және Данилков И. С.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар облысы білім басқармасының, АОТДТО грамоталарымен және медальдарымен марапатталды.
Қыздар командасын жеңісімен құттықтаймыз! Біз сіздерді мақтан тұтамыз!