ММА бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты: жеңіс жаңалықтары

🏆24-27 ақпан күндері Қарағанды қаласында ИнЕУ ЖК “Дене шынықтыру және спорт” мамандығының студенті Ступко Глеб (ФС-212 тобы) қатысқан жауынгерлік жекпе-жектің аралас түрлері (ММА) бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша, 83,9 кг салмақ дәрежесінде Ступко Глеб 🥇 орын иеленіп, Қазақстан құрамасының құрамына енді. Глебті жеңісімен құттықтап, жарқын жетістіктер тілейміз 👏👏