WordWall-интерактивті тапсырмаларды жасауға арналған ресурс

8-ақпан ИнЕУ ЖК Ақпараттық технологиялар бөлімінде Шығармашылық топтың жоспарына сәйкес кезекті ұстаздарға арналған сабақ өткізілді. Іс-шара “WordWall-интерактивті тапсырмаларды жасауға арналған ресурс” тақырыбына арналды. Сабақты дайындап өткізген ақпарттық технологиялар пәнінің оқытушысы Едилова Д.Ж.
Пән мұғалімдері компьютерде әр түрлі сабаққа қажетті интерактивті құралдарды, көрнекіліктерді жасауды меңгерді. Іс-шара соңында мұғалімдер jamboard тақтасы арқылы рефлексия жүргізіп, тақырыпқа байланысты өз пікірлерін білдірді.