«Тәуелсіздік тұғыры» интеллектуалды брейн-ринг ойыны

Ағымдағы жылдың 1 желтоқсанында тарих пәнінің оқытушысы Малгаждаров Қ.А. «Тәуелсіздік тұғыры» атты интеллектуалды брейн-ринг ойынын өткізді. Ойын «Тәуелсіздік күнін» мерекелеуге орайластырылған. Брейн-рингке әр бөлімшелердің атынан 5 команда қатысты: «Номад» командасы (Ақпараттық технологиялар бөлімі), «Барыс» командасы (Экономикалық бөлім), «Астана» командасы (Политехникалық бөлім), «Ақ Орда» командасы (Энергетикалық бөлім), «Сарыарқа» (Гуманитарлық бөлім).
Ойын бірнеше кезеңнен тұрды: «Анаграмма», «Ассоциация», «Сіз терминдерді білесіз бе?», «Күнді атау», «Суретті болжау», «Бақытты сәт», «Дұрыс-дұрыс емес», «Сәйкестікті орнату», «Сұрақ-жауап».
Ойын қорытындысы былай бөлінді:
1 орын «НОМАД» (Ақпараттық технологиялар бөлімі) командасына бұйырды.
2 орын – «АСТАНА» командасы (Политехникалық бөлім).
3-орын – «АК ОРДА» (Энергетикалық бөлім) командасы.
4-орын – «САРЫАРҚА» (Гуманитарлық бөлім) командасы.
5 орын – «БАРЫС» (Экономикалық бөлім) командасы

Ойын тамаша әрі қызықты өтті!
Барлық командалар естелік дипломдармен марапатталды. «НОМАД» Ақпараттық технологиялар бөлімінің командасын жеңісімен құттықтаймыз! Баршаңызды мерекемен құттықтаймын!!!