Колледждің педагогикалық кеңесінің отырысы

21 желтоқсанда ИнЕУ жоғары колледжінің педагогикалық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыстың күн тәртібіне сәйкес оқу орнының тәрбие жұмысына, соның ішінде суицидтің алдын алу, жыныстық тәрбиеге байланысты мәселелер талқыланды.
Колледж директоры А.У.Ташекенова Павлодар облысы бойынша білім беру саласындағы Ұлттық баяндаманың негізгі ережелерін түсіндіру жөнінде баяндама жасап, өңірдегі әрбір ТжКБ оқу орнының алдында тұрған міндеттермен таныстырды. Колледж басшысының тапсырмасы бойынша әкімшілік баяндамада көрсетілген бағыттарға сәйкес біздің оқу орнымыздың даму жоспарын әзірлеуі тиіс.