Кәсіпкерлер вейптерге қарсы

2023 жылғы 7 желтоқсанда ИнЕУ ЖК “Кәсіпкерлер вейптерге қарсы” атты вейпинг пен электрондық темекіге қарсы күрес форумы өтті. Вейпинг және электрондық темекі қазіргі заманда жастардың ең көп тараған жаман әдеті. Іс-шара барысында білім алушылар олардағы заттардың жасөспірімдердің ағзасына тигізетін әсері және осы темекі шегудің салдары туралы білді. Осы әдетке берілмеудің себептерін және егер біреулер темекі шегуді ұсынса, не істеу керектігін талқылады. Темекі шегудің зияны туралы бейнероликтер қарап, салауатты өмір салтын ұстану керек деген қорытындыға келді.
Форум қонақтары: Тимиргалиева Ирина Александровна – облыс полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс – қимыл басқармасының үйлестіру және алдын алу бөлімінің бастығы, Каирбеков Кайрат Ертаевич – учаскелік полиция инспекторы, Абылкадыров Заирбек Габдынасырович – грепплингтен спорттық күрес федерациясының президенті, Сулейменов Болат Серикович – қоғам қайраткері, Аипов Кайсар Болатбекович -емхананың психологы. Қонақтардың әрқайсысы балалардың ешқашан осы зиянды әдеттерге әуестеніп, олардан бас тарту жолына түсуіне өз тілектерін білдірді, өйткені олар біздің еліміздің болашағының бейнесі болып табылады. Ал болашақ ұрпақ дені сау және бақытты болуы тиіс.