“Кәмелетке толмағандардың қылмыстық және әкімшілік жауаптылығы”атты баспасөз конференциясы өтті

    Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстық белсенділік тұрақты түрде жоғары, ал кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс ерекше алаңдатады.  Жастар қылмысының себептерін зерделеу  әрқашанда өзекті болатын, ал қазіргі уақытта ерекше маңызға ие болып отыр.  Жасөспірімдер тарапынан қатыгездік пен агрессия жағдайларының ұлғаюы алдын алу шараларының кешенін әзірлеу және негізделген басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін тиісті ақпараттық базаны қалыптастыру қажеттілігін туғызады.

    Осыған байланысты Инновациялық Еуразия Университетінің жоғары колледжінде 2023 жылдың 21.11-24.11 “Кәмелетке толмағандардың қылмыстық және әкімшілік жауаптылығы”атты баспасөз конференциясы өтті. Конференцияның негізгі  мақсаты-студенттердің құқықтық санасын қалыптастыру.

    Оқу орнының қонақтары құқық қорғау құрылымдарының қызметкерлері: заңгерлер, қорғаушылар, ювеналды полиция, тергеу басқармасының өкілдері, сот жүйесінің қызметкерлері.

    Жастар арасындағы қылмыстық жағдайдың өсу себептерін анықтау, қандай да бір жағдайға құқықтық баға беру, студенттердің күтпеген сұрақтарына жауап беру – конференцияға қатысушылар шешкен бірқатар мәселелер болды.

    Конференция балалар қылмысы туралы республикалық телеарнаның статистикалық мәліметінен және ҚР ІІМ кәмелетке толмаған балалардың қылмыстары үшін ата-аналардың жазаларын қатаңдату туралы ұсынысынан басталды.

    Колледж директордың міндетін атқарушы Қ.Ж. Әблеш қатысушылармен амандасып қазіргі уақытта әлеуметтік-экономикалық фоны жастарға, оның ішінде жасөспірімдер ортасына теріс әсер ететініне назар аударды. Көптеген құқық бұзушылықтар жасөспірімдердің қараусыз қалуының салдары, отбасында тиісті бақылаудың болмауы туралы назар аударды.

    Пресс-конференцияға қатысушылар белсенді болды: олар процессуалдық мәселелер, айғақтарды жалтарғаны үшін жауапкершілік туралы, жақында болатын қылмыс туралы хабарламағаны үшін, ата-аналарға бала құқық бұзғаны үшін айыппұл салу туралы мәселелермен қызығушылық танытты.

    Конференция соңында колледж әкімшілігі мен студенттері қонақтарға жақсы баяндама үшін, сұрақтарына толық ақпарат беріп, назар аударғандары үшін алғыстарын білдірді.