Қазақстан Республикасы Чемпионатының жүлдегерлері

🏆⚽ Астана қаласында Қазақстан Республикасы чемпионатының финалдық кезеңінің ойындары аяқталды. Чемпионатқа Павлодар қаласының “Ақсу” футбол орталығының тәрбиеленушілері қатысты, Команданың құрамында ИнЕУ ЖК гуманитарлық бөлімінің студенттері бар. Олар: Нургалиева Наргиз, Орёл Арина, Кайсаринова Виктория, Молдахметова Жасмин, Мухаметжанова Анель.
Финал қорытындысы бойынша “Ақсу” командасы 🥈 орын алды. Ал команданың қақпашысы Орёл Арина “Үздік қақпашы” номинациясын жеңіп алды.
Қыздарды жеңісімен құттықтаймыз! 👏👏💐 Жеңісті күндер көп болсын!