«Кітапхана – табыс аумағы»

  “Оқуға құштар колледж” жобасы аясында бірінші курс студенттері үшін 12-14 қыркүйек аралығында ИнЕУ ЖК кітапханасында “Кітапхана – табыс аумағы” атты 0Ашық есік күні өткізілді. Кітапхананың қонақтары гуманитарлық, политехникалық, энергетикалық, экономикалық және ақпараттық технологиялар бөлімінің студенттері болды. Студенттер кітапхананы, кітапхана қорын пайдалану ережелерімен, әдебиеттің жаңа түсімдерімен, кітапхана қорына түсетін мерзімді басылымдармен танысты. Кітапханашы кітапханада өтетін іс-шаралар мен тақырыптық көрмелер туралы айтып берді. Сондай-ақ, балалар электронды каталогпен жұмыс істеуді үйренді, өздерін қызықтыратын әдебиеттерді іздестірді.