Денсаулық күні

ИнЕУ ЖК 1 курс студенттеріне арналған дәстүрлі “Денсаулық күні” 2023 жылдың 8 қыркүйегінде өткізілді. Спорттық мереке мазмұнды және қызықты өтті, ең бастысы денсаулыққа пайдалы!
Іс-шараның құрметті қонағы Павлодар облысының грепплинг спорттық күрес федерациясының президенті, “BEK TEAM” академиясының бас бапкері, атақты спортшы Абылкадыров Заирбек болды. Ол студенттерді оқу жылының басталуымен құттықтап, жас ұрпаққа тілектерін айтып, академия секцияларына қатысуға шақырды.