Армян суретшілерінің көрмесі

24 ақпанда ИнЕУ колледжінің оқытушысы Г.К. Табашева және Д-312 тобының студенттері Павлодар облыстық көркемсурет мұражайында армян суретшілерінің сурет, графика және мүсін көрмесін тамашалады. Көрмеде 90-нан астам шығармалар көрсетілді, олардың авторлары XX ғасырдың 20-жылдарының соңында өнерге келді – олар Мариам мен Ерануи Асламазян, С. Галасян, А. Бакарян, Д. Налбандян. Сондай-ақ, көрермендер ХХ ғасырдың 50-80 жылдарында өнерге келген заманауи армян суретшілерінің еңбектерін тамашалады.

Мариам Асламазянның еңбектері ерекше қызығушылық тудырды. Арменияның халық суретшісі болған Мариам үлкен шығармашылық өмір сүрді. Ленинградтағы Көркемсурет академиясын бітірген соң, Мариам К. Истомин, К. Петров-Водкиннен оқыды. Мариям Асламазян – армян мектебінің сәндік-жазықтық натюрморттың жарқын өкілі, тақырыптық суреттер мен портреттердің авторы. Павлодарда суретшінің екі үлкен суреті – «Армения темекі қыздары» (1957) және «Отан үшін қаза тапқан батырларға гүлдер» (1973) натюрморты сақталған.