БҰҰ-ның бала құқықтары туралы конвенциясы

ИнЕУ Жоғары колледжінде «БҰҰ-ның бала құқықтары туралы конвенциясы» тақырыбында Құқықтық клубтың кезекті отырысы 10.05.2023. Мақсаты: студенттердің негізгі құқық бұзушылық туралы білімдерін жинақтау; балаларды өз құқықтарын қорғауға итермелеуге; басқа адамдардың құқықтарына құрмет көрсетуге; белсенді өмір сүру ұстанымын қалыптастыруға ықпал ету. Әңгімелесу және бейнебаян барысында студенттер бүкіл әлемдегі балалардың құқықтары арнайы құжатта, Бала құқықтары туралы конвенцияда жазылғанын білді. Бұл құжатты Біріккен Ұлттар Ұйымы 1089 жылғы қарашада қабылдады. Бұл беделді халықаралық ұйым екінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болды, ол он миллиондаған адамдардан олардың басты құқығы – өмір сүру құқығын алды. Үшінші дүниежүзілік соғысқа жол бермеу үшін бүкіл әлем халықтары Біріккен Ұлттар Ұйымына бірікті, Қазақстан 1992 жылғы 2 наурызда БҰҰ-ның толық құқылы мүшесі болды. Қазіргі уақытта БҰҰ құрамына 193 мемлекет кіреді. Конвенцияның өзі кіріспеден, 2 бөліктерден, 54 баптан тұрады.