Кітап оқитын адам – табысты адам

Оқу – миды дамытуға арналған ең жақсы жаттығулардың бірі. Өсіп келе жатқан зерттеулер саны оқудың ақыл-ойды өзгертетінін көрсетеді: ол эмоционалды интеллектті арттырады, есте сақтауды жақсартады, сонымен қатар күрделі мәселелердің шешімдерін тиімді іздеуге үйретеді.

 «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасы аясында колледж кітапханасында «Кітап оқитын адам – табысты адам» атты кітапханалық квилт ұйымдастырылды. (Кітапханалық квилт – бұл белгілі бір тақырып бойынша жеке бөліктер-патчтардан тұратын ақпараттық стенд). Колледж студенттері бір ай бойы стендті адам өміріндегі оқудың маңыздылығы туралы пайымдауларын стикерлерге жазып толтырды. БСД-112, КИЛ-112 және П-132 топтарының студенттері белсене қатысты.