2023 жылғы 12 мамырда ИнЕУ жоғары колледжінің базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында көптілділіктен VIII облыстық олимпиада өтті. Оған 35 студент қатысты.
Биыл көптілді олимпиада екі бағыт бойынша өтті:
1.Тіл мамандықтарының студенттері үшін.
- Тілдік емес мамандықтардың студенттері үшін.
Олимпиаданың мақсаты:
- – білім беру арқылы тілдік және мәдени әртүрлілікті сақтау және дамыту;
- – қабілетті және дарынды студенттерді анықтау және қолдау;
- – білім алушылардың қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін-ұлтаралық қарым-қатынас тілі, ағылшын тілін халықаралық коммуникация құралы ретінде қабылдауына жәрдемдесу.
Көптілді олимпиада екі кезеңнен тұрды: 1 – тур тілдік құзыреттілік деңгейін анықтауға бағытталған жиырма тест тапсырмасын орындау, 2-тур ұсынылған тақырыптар бойынша көпшілік алдында сөз сөйлеуді және жағдаяттық тапсырмаларды шешуді көздеді.
Құзыретті қазылар алқасының құрамына Павлодар қаласының түрлі оқу орындарының оқытушылары кірді.
Тіл мамандықтары бойынша қазылар алқасының құрамына:
- Каббасова А.Т.- педагогика ғылымдарының докторы, «Аударма ісі» бағыты бойынша педагогика магистрі, Қазақстан аудармашылар қауымдастығының мүшесі, ИнЕУ «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының доценті
- Қазылар алқасы төрағасының орынбасары: Майгүл С. – филология ғылымдарының магистрі, ИнЕУ әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасының аға оқытушысы
- Қазылар алқасының мүшесі: Kehinde Salako – Нигериядан келген тілді жеткізуші, ағылшын тілі бакалавры, жазушы.
- Қазылар алқасының мүшесі: Жумабеков М.И. – педагог-зерттеуші, Павлодар қ.«Кенжекөл ЖОББМ» КММ, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Тілдік емес мамандықтар бойынша комиссия құрамы:
- Қазылар алқасының төрағасы: Даурбеков А.М.: “Филология” мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдар магистрі, Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің “Шет тілі: екі шет тілі” білім беру бағдарламасының педагог-сарапшысы.
- Қазылар алқасы төрағасының орынбасары: Муканова Б.Т. – Павлодар облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының тіл пәндері оқу-әдістемелік бірлестігінің төрағасы, “Филология” мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдар магистрі, Б. Ахметов атындағы Жоғары педагогикалық колледжінің педагог-зерттеушісі.
- Қазылар алқасының мүшесі: Сарыбаева Б.Ж. – филология ғылымдарының кандидаты, Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің (“Қазақ тілі мен әдебиеті” білім беру бағдарламасы) педагог-зерттеушісі.
- Қазылар алқасының мүшесі: Бексеитова С.Ж. – педагог-зерттеуші, Павлодар қ. “25 ЖОББМ” КММ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі.
- Қазылар алқасының мүшесі: Ряжко Т.М. – педагог-зерттеуші, Павлодар қ. “26 ЖОББМ” КММ шет тілі мұғалімі.
Олимпиаданы қабылдаушы тараптың атынан ИнЕУ жоғары колледжінің директоры А.У. Ташекенова құттықтау сөз сөйледі.
Екінші турға ең көп балл жинаған 12 қатысушы жіберілді, оның ішінде тілдік мамандықтар бойынша 4 студент және тілдік емес мамандықтар бойынша 8 студент.
Олимпиаданың салтанатты жабылуында қорытынды шығарылды.
Қазылар алқасының шешімі бойынша, «Тіл мамандықтары» бағыты бойынша
“Екібастұз ИнЕУ жоғары колледжі” ЖШС- Бекболатова Закиш 1 дәрежелі дипломмен, Инновациялық Еуразия Университетінің жоғары колледжінің студенті Уахит Зейнеп 2 дәрежелі дипломмен , 3 дәрежелі дипломмен «Канапьянов атындағы Жоғары колледжі» КЕАҚ студенті Токушева Айымжан марапатталды.
Қазылар алқасының шешімі бойынша, «Тілдік емес мамандықтар» бағыты бойынша:
1 дәрежелі дипломмен “Б. Ахметов атындағы педагогикалық жоғары колледжі” ШЖҚ КМК студенті Сағындык Айжан марапатталды
2 дәрежелі дипломмен “Музыкалық колледж -дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат” Кешені” ММ студенті Ерикбаева Алина марапатталды.
3 дәрежелі дипломды Академик Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтының колледжі (ЕКИТИ) Вениченко Елизавета мен “Торайғыров Университетінің жоғары колледжі” КЕАҚ студенті Байсекенова Гульдана иеленді.
«Мемлекеттік тілдің үздік білгірі» номинациясының иегері Адырбаев Айдар (Ақпараттық технологиялар колледжі). «Ағылшын тілін жоғары деңгейде меңгеру» номинациясының иегері Оспан Алина (Павлодар гуманитарлық-педагогикалық колледжі). «Суперполиглот» номинациясына Адамова Аружан (Екібастұз медициналық колледжі) ие болды. «Сөйлеудің тазалығы мен мәнерлілігі үшін» номинациясы Хахлова Мария (ИнЕУ жоғары колледжі) бұйырды.
Олимпиада жеңімпаздарын құттықтаймыз! Студенттерге олимпиадаға қатысқандары үшін алғыс білдіріп, шығармашылық табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!