9 мамыр – бұл біздің әрқайсымыз үшін әрқашан ең жақын болатын мереке. Бұл – әлемді фашизмнен азат еткен Ұлы халықтың Ұлы ерлігіне деген өлшеусіз құрмет. 45-ші жылдың көктемінен бері қанша жыл өтсе де, біз бұл зұлымдық пен зорлық-зомбылыққа қарсы әділеттіліктің Ұлы Жеңісі болғанын ешқашан ұмытпаймыз. Отанымыздың тәуелсіздігі үшін, еркін жерде өмір сүру құқығы үшін, балалар мен немерелер үшін жарқын болашақ үшін соғыстағы жеңіс.
Ұлы Жеңіс күні қарсаңында Инновациялық Еуразия университетінің жоғары колледжінде «Бұл күндердің даңқы өшпейді» атты іс-шара өтті. Шараның мақсаты өскелең ұрпақтың Отанына деген мақтаныш сезімін қалыптастыру, Ұлы Отан соғысындағы сарбаздарымыздың ерлігін еске алу үшін жағдай жасау болды.
Ұлы Отан соғысының барша ардагерлеріне әскери ерліктері үшін тағзым етіп, шын жүректен алғыс айтамыз!