Ұлтаралық әз-Наурыз

2023 жылдың 17 наурыз күні ИНеУ жоғары колледжінің бөлімдері, яғни
1. Гуманитарлық бөлім: Серғазы Нұрмұхаммед – Абдікәрім Адина (Тәжікстан)
2. Энергетикалық бөлім: Тілеубай Райымбек – Абдылманова Дильназ (Иран)
3. Экономикалық бөлім: Тұңғышбек Химбат – Анель Болатова (Өзбекстан)
4. Политехникалық бөлім: Толеутай Алмат – Абилова Аяулым (Түркия)
5. Ақпараттық технологиялар бөлімі: Касенов Диас – Асылбекова Камила (Азербайджан) арасында “Ұлтаралық әз-Наурыз” сайысы өтті.
Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы барша ұлтқа наурыз мейрамын дәріптеу, салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Сайыс 4 кезеңнен тұрды:
1-кезең: «Сәлем – сөздің атасы» (таныстыру)
2-кезең:«Ұлттық киім – асыл мұра»  (сән)
3-кезең:«Өнер қуып ой түзе» (өнер)  
4-кезең: «Мерекелік дастархан» (ұлттық тағам)
Әділ-қазылар шешімі бойынша 1 орынды энергетикалық бөлім студенттері Тілеубай Райымбек пен Абдылманова Дильназ иеленді.
Барлық жұптар димломмен марапатталып, сыйлықтар берілді.

Ұйымдастырушылар: Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері, КиЛ студенттері