Кітапханадағы Наурыз

Наурыз – табиғаттағы маусымдық өзгерістерге байланысты ежелгі халық мерекесі. Шығыс күнтізбесі бойынша бұл көктемгі теңелу күнімен сәйкес келетін жаңа жылдың басы. Қазақстанда оны халықтың Ұлы күні деп атайды (Ұлыстың ұлы күні).
Наурыз – көктемгі жаңару, жаңа өмірдің тууы, жаңа мүмкіндіктер мерекесі. Ол құнарлылыққа, махаббат пен достық салтанатына арналған.
Колледждің оқу залында Наурыз мерекесіне арналған кітап көрмесі безендірілді. Ұсынылған кітаптардан Наурыз мерекесінің пайда болу тарихы мен оның дәстүрлері туралы материалдар таба аласыз.