Волонтерлік қызмет

Волонтерлік қызмет- әрқашан қайырымдылықпен, қоғамымыздың әлсіз және қорғалмаған мүшелеріне көмек көрсетумен байланысты болды. Сонымен, біз, ИнЕУ ЖК еріктілері, Жаңа жыл қарсаңында ата – ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды мерекемен құттықтау үшін Павлодар қаласының Отбасылық үлгідегі балалар үйіне бардық. Студенттер “Колобок” және “Репа” ертегілерін сахналады. Балалардың көңілдерін көтеріп, түрлі жұмбақтар жасырып, өлеңдер айтты. Еріктілер барлық балаларға сыйлықтар мен тәттілер сыйлады, ал іс-шарадан кейін әр баланы құшақтап, өз жүрегінің жылуымен бөлісті.
Балалар біздің келгенімізге қуанып, бақытты болды!