өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру

ИнеУ жоғары колледжінде өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеуге көп көңіл бөлінеді. Азаматтық-патриоттық тәрбие нысандарын үш негізгі топқа жіктеуге болады: жалпы патриоттық сипаттағы (әңгімелер, пікірталастар, сұрақ-жауап кештері, дөңгелек үстелдер, ардагерлермен, запастағы жауынгерлермен және әскери қызметшілермен кездесулер); студенттерге азаматтық-патриоттық тәрбие берудің жалпы және нақты мазмұнын оңтайлы үйлестіретін кешенді аралас және интеграцияланған нысандар (құқықтық клубтар, акциялар, жалпыға бірдей құқықтық оқыту) және спецификалық ерекше әскери және әскери-қолданбалы бағыттылығымен сипатталатын (әскери-патриоттық клуб, оқ ату секциясы, әскери-спорттық жарыстар, іздестіру жасақтары және т. б.)
ИнЕУ ЖК-дегі патриоттық тәрбиенің айрықша ерекшелігі құрамдас бөліктің бірі: әскери – патриоттық тәрбие бағытында белсенді жұмыс болып табылады.
Колледжде студенттерге әскери-патриоттық тәрбие берудің мақсаты: олардың азаматтық, аса маңызды рухани – адамгершілік және әлеуметтік құндылықтарын қазақстандық патриотизм рухында дамыту болып табылады. Колледждегі әскери-патриоттық бағыттың жетешілері АӘжТД оқытушылары Н.Т. Мағзұмов және М. И. Джанахметов болып табылады.