колледжішілік жарыс «ВКИнЕУ Барысы».

Еліміздің Тәуелсіздік күніне арнаймыз

Қазақстанның барлық тұрғындарының айтулы мерекесі-Тәуелсіздік күні, әр түрлі іс-шаралармен, концерттік бағдарламалармен, фестивальдармен, кездесулермен, еңбек жеңістерімен атап өтіледі.
ИнЕУ жоғары колледжінде дәстүрлі түрде осы күнге орай концерттік бағдарлама және “Колледж Барысы 2022-2023” колледжішілік байқауы өткізілді. Конкурстың ұйымдастырушысы және жүргізушісі Малғаждаров Қуат Алибекович мемлекет пен мәдениеттің дамуының негізгі кезеңдеріне баса назар аудара отырып, зияткерлік – спорттық бағдарлама дайындады.
“Колледж Барысы 2022-2023” қатысушылары бейне- визит карточкасын дайындап, “Бәйге”, “Көкпар” зияткерлік конкурстарында және арқан тартыста бақ сынасты.
Гуманитарлық бөлім атынан ФС-122 тобының студенті Серғазы Нұр – Мұхаммед, экономикалық бөлім-Дүйсембай Тамерлан, ақпараттық технологиялар бөлімі – Талғат Ерзат, энергетикалық бөлім – БЭС-112 тобының студенті Хуатбекұлы Айдос және политехникалық бөлім Марен Даниял қатысты.
Конкурстардың қорытындысы бойынша бағдарламаның спорттық бөлігіне Серғазы Нұр – Мұхаммед пен Марен Даниял шықты. Қыңыр күресте Фс-122 тобының студенті Серғазы Нұр – Мұхаммед ( топ жетекшісі Досанова А.Ш.) жеңіске жетті. Гуманитарлық бөлім екінші жыл қатарынан бірінші орынды иеленді.
Байқаудың барлық қатысушылары грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды.
Бағдарламаның жеңімпаздары мен қатысушыларын шын жүректен құттықтаймыз. Биіктерден көрініп, табыстарға жете беріңіздер деп тілейміз! Алдағы мереке, Тәуелсіздік күні құтты болсын!