«Студенттер арасындағы буллингтің және суицидтік бейімділіктің алдын алу»

11.10.2022ж. ИНЕУ ЖК психологы Костюк В.В. «Студенттер арасындағы буллингтің және суицидтік бейімділіктің алдын алу” тақырыбында бірінші курс студенттері үшін әңгіме өткізді. Бұл шараның мақсаты- білім беру мекемесінің қабырғасында қудалаудың алдын алу болды, сонымен қатар білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау. Студенттерге жанжалдың барлық қатысушылары үшін буллингтің салдары туралы айтылды. Сондай-ақ қудалау жағдайында не істеу керектігі және әркім өз тарапынан тұлғааралық қарым-қатынастардағы жанжалды жағдайларды қалай болдырмауға болатындығы туралы ұсыныстар берілді.