Ғажайып ғарыш әлемі

2022 жылдың 7 сәуір күні ИнЕУ жоғары колледжінде «Үздік сынып жетекші» конкурсы аясында П-220 тобының жетекшісі Едилова Д.Ж.  «Ғажайып ғарыш әлемі» атты  ашық  іс-шара өткізді. Іс-шара  брейн-ринг топтық сайыс  түрінде жүргізілді.

12 сәуір – ғарышкерлер күні турасында Қазақ ғарышкерлері Т. Әубәкіров ,Т. Мұсабаев, А. Айымбетов   туралы деректер айтылды. Сайыс Күн жүйесі, ғаламшарлар, аспан денелері жайында сұрақ-жауап түрінде мәлімет алмасу ретінде өтті.  Ғарыш тақырыптарында викториналық сұрақтар қойылды.

Іс-шараға студенттер белсене қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Нағыз командалық ойын мен тапқырлықты көрсете білген студенттер көптеген қызықты мәліметтермен алмасып, білімдерін шыңдай түсті.