Менің ғылымға алғашқы қадамдарым

Ғылым күніне орай студенттер парламенті «Менің ғылымға алғашқы қадамдарым» атты челленджін жариялады. Қызықты бастамаға Павлодар қаласы ИнЕУ жоғары колледжінің студенттері белсенді атсалысты. Біреу ғылымға алғашқы қадамдарын кәсіпорынға экскурсиядан және технологиялық процестерді зерттеуден бастаса, ал енді біреуі кітапхана залдарында академиялық дайындықтан өтті.
ПД-111 тобының студенті Ибраева Дильназ үшін, тарих сияқты қызықты ғылымды меңгеру жанына жақын. Оның ғылымға алғашқы қадамы жыл басында Қарағанды қаласында өткен республикалық интернет-олимпиадада 1 орын иеленуден бастау алды. Олипидаға жоғары сынып оқушылары мен колледждердің 1 курс студенттері қатысты. Дильназ қол жеткізген жетістіктерімен тоқтап қалмай, алдағы уақытта халықаралық ғылыми -практикалық конференцияларға қатысатын болады. Оған сәттілік тілейміз!