Ибраева Дильназ республикалық олимпиаданың жүлдегері

10.01.2022 жылдан бастап 25.03.2022 жылға дейінгі кезеңде Қарағанды техникалық университеті жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданы ұйымдастырып, өткізді, ол үш турда өтті: І тур – эссе, ІІ – 5 тапсырмадан тұратын олимпиада, ІІІ тур- қорытынды шығару. Нәтижесі ЖОО-ның фейсбук парақшасында тікелей эфирде айтылды https://www.facebook.com/profile.php?id=100064134873978
Олимпиаданың қорытындысы бойынша ИнЕУ тобының Жоғары колледжінің студенті ПД-111 Ибраева Дильназ диплом иегері атанды. Оған «Қазақстан тарихы» пәні бойынша 1 орын берілді. Дильназ бен оның жетекшісі Ж.Қ. Апаеваны құттықтаймыз! Шығармашылық табыс тілейміз!