«Колледж Барысы-2021» зияткерлік-спорттық байқауы

2021 жылдың 14 желтоқсанында ИнЕУ Жоғары колледжінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған «Колледж Барысы-2021» зияткерлік-спорттық сайысы өтті. Шараның жүргізушісі – әлеуметтік пәндер оқытушысы Малгаждаров Қ.А. Іс-шараның мақсаты – Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту, сонымен қатар дарынды, қабілетті оқушыларды анықтау. Бұл байқау жыл сайын өткізіледі және дәстүрге айналды деп айтуға болады.

Байқауға әр бөлімнің атынан 5 жасөспірім қатысты: Тілебалды Данияр (гуманитарлық бөлім), Ескендір Дастан (шаруашылық бөлімі), Сәрсенбаев Жандәулет (ақпараттық технологиялар бөлімі), Тыржықаев Айзат (энергетика бөлімі), Мәрен Даниял (политехникалық бөлім).

Байқауға 5 жасөспірім қатысты, олар: Тілебалды Данияр (Гуманитарлық бөлім), Ескендір Дастан (Экономикалық бөлім), Сәрсенбаев Жандаулет (Ақпараттық технологиялар бөлімі), Тыржикаев Айзат (Энергетикалық бөлім), Марен Даниял (Политехникалық бөлім).

Байқау 4 кезеңнен тұрды: 1-тур “Презентация”, 2-тур “Бәйге”, 3-тур “Көкпар”, 4-тур “Арқан тартыс”.

Байқау нәтижелері:                       

1-дәрежелі диплом мен «Колледж Барысы-2021» атағын Гуманитарлық бөлімінің студенті Тілебалды Данияр иеленді.

2-дәрежелі дипломмен Политехникалық бөлімінің студенті Марен Даниал марапатталды.

Қалған қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.

Мәртебелі қонақ және қазылар алқасының төрағасы ретінде «Жебе» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жұмаділ Данияр Айтпайұлы шақырылды.

Іс-шара жақсы, белсенді, көңілді өтті!

КиЛ-111 тобының студенті Тілебалды Даниярды жеңісімен және «Колледж Барысы-2021» атағымен құттықтаймыз!

Алдағы уақытта жарқын жеңістер тілейміз!!!