Ақпараттық технологиялар бөлімінің жоғары санатты оқытушысы. 2019 жылдан бастап жоғарыда аталған бөлімшені басқарады.
2016 жылдан бастап Әсемгүл Сағиденқызы “Талап” КЕАҚ штаттан тыс жаттықтырушысы болып табылады. “Талап” КЕАҚ оқу-тренингтік орталығы базасында ол келесі курстарды өткізді: “Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқытудың кредиттік-модульдік технологиясын енгізу ерекшеліктері”, “ТжКБ жүйесінде оқыту нәтижелерін бағалаудың негізгі компоненттері”, “Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқу процесіне критериалды бағалау әдістерін енгізу” және т. б.
“Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім беру үдерісіне IT-технологияларды енгізу” бағдарламасы бойынша “Талап” КЕАҚ оқу-тренингтік орталығының біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушыларына арналған нұсқаудың бірлескен авторы болып табылады.
“Талап” КЕАҚ-мен бірлесіп оқытушылардың біліктілігін арттырудың қашықтықтан оқыту курстарына: “Педагогтердің IT-құзыреттерін дамыту және жетілдіру”, “Цифрлық оқыту технологиялары” материалдарын дайындады.
“Алгоритмдеу және бағдарламалау”, “Web-бағдарламалау” пәндері бойынша оқу-әдістемелік кешендер әзірледі.
А.С. Нұрғазинова студенттердің әртүрлі деңгейдегі конкурстарда, олимпиадаларда ғылыми жетекшісі болып табылады.
Worldskills облыстық байқауына студенттерді белсенді дайындайды. (Асачьев Артем-аймақаралық чемпионаттың қатысушысы, Волынский Виталий-аймақаралық чемпионаттың жеңімпазы (1 орын)).
Қазіргі жағдайда педагогикалық қызметтің басты мақсаты-шығармашылық әлеуетін динамикалық әлеуметтік-экономикалық жағдайда, өзінің өмірлік мүдделері үшін де, қоғамдық, мемлекеттік тұрғыдан да жүзеге асыра алатын жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру.