Байгал Айым Ерланқызы ИнЕУ жоғары колледжінің “Құқықтану” мамандығының П–338 тобының 3 курс студенті болып табылады. Мінезі мейірімді, әдепті және көпшіл, өзіндік қадір-қасиеті бар адам. Оқу барысында барлық пәндер бойынша жақсы білім көрсетті. Ән айтқанды, би билегенді ұнатады. Колледж өміріне белсенді қатысады.
Айым Вокалдық өнер дағдыларын меңгерген. Ұжым құрамында да, солист ретінде де үнемі іс-шараларда, концерттерде өнер көрсетеді. Белсенді шығармашылық қызметі үшін бірнеше рет Алғыс хаттармен, дипломдармен марапатталған.
Байгал Айым – түрлі ғылыми-заң іс-шараларының белсенді қатысушысы. 2020 жылы оның командасы “Медиация” турнирінде бас жүлдені жеңіп алды.
2017 жылдан бастап “SVC – Әлеуметтік-волонтерлік орталық” еріктісі болып табылады, оның қызметінің негізгі бағыттары: жетім балаларға қамқорлық жасау, жалғыз басты қарт адамдарға қамқорлық көрсету және назар аудару, салауатты өмір салтын насихаттау, қоғамдық маңызы бар жобаларға, акциялар мен конкурстарға қатысу. “Еріктілік-бұл хобби немесе әуесқойлық емес, бұл өмірдің мәні. Себебі, басқа адамға көмектесу арқылы сіз өзіңізді жақсы сезінесіз. Серуенге шығып, кино көрудің орнына, өзіңнің тағыз кестеңнен адамдарға көмек жасауды таңдайсың. Менің ойымша, бұл әлдеқайда жақсы және нәтижелі”, – дейді қыз бала.
Айым-жобаларды іске асырудың белсенді қатысушысы:
- “Жеңіс” -осы жоба аясында әлеуметтік маңызды акцияларға қатысты: ардагерлерді қамқорлыққа алу рейдтері, ардагерлерге мерекелік ашықхаттар мен сыйлықтар дайындау және тапсыру.
- “Талант Сыйлаушылар” – жоба ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған. Жазғы демалыс кезінде балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін “Online camp” қашықтық лагерін іске қостық.
- “Ыстық желі” – жалғыз тұратын қарт адамдарға көмек (ТЖ кезінде) және т. б.
Байгал А. мейірімділігімен, адамдарға қамқорлық жасау, басқаларға көмектесу ниетімен ерекшеленеді. Еріктілер қозғалысына белсенді қатысқаны үшін грамотамен марапатталды.