Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы

Мақсаты – қазақ фольклоры мен музыкасын сақтау және насихаттау.

Міндеттері:

  1. Ұлы дала мұрагерлерінің халық шығармашылығының үздік үлгілерін жинау бойынша іс-шараларды ұйымдастыру.
  2. Қазақ шығармашылық мұрасын: музыка, музыкалық аспаптар, ауызша шығармашылық, арнайы музыкалық жанрларды (күй, жыр, айтыс) насихаттау.
  3. Қазіргі заманғы аудиторияға жақын және түсінікті форматтағы ауызша және музыкалық дәстүрлерді жаңғырту.
  4. “Ұлы Даланың көне сарындары” жинағын дайындау – қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптары: қобыз, домбыра, сыбызғы, сазсырнай және т.б. үшін жасалған маңызды шығармалардың коллекциясы.