Ұлы даланың ұлы есімдері

Мақсаты – Даланың ұлы тарихи қайраткерлерінің өмірін, мұрасын зерделеу және дәріптеу.

Міндеттері:

  1. «Ұлы даланың ұлы есімдері» білім беру парк-энциклопедиясын құру.
  2. Шетелдік мамандарды тарта отырып, оның ішінде баламалы жастар өнерінің креативті әлеуетін пайдалана отырып, қазіргі өнердегі ұлы ойшылдар, ақындар мен өткеннің билеушілері бейнелерінің өзекті галереясын қалыптастыру.
  3. Даланың ұлы қайраткерлерінің мұрасын мәңгі есте қалдыру мақсатында, оның ішінде барлық өңірлерде ашық аспан астындағы мұражайларды ашу.
  4. Олардың мұрасын көпшілікке тарату, оның ішінде «Ұлы даланың көрнекті тұлғалары» – «Ұлы Дала тұлғалары» ғылыми – көпшілік сериясын құру және тарату.