Жеңіс мерекесіне арналады

      ЖКИнЕУ студиясы тағы да көрермендерді  өзінің көрсетілімімен қуантты.  Бұл жолы студенттер Ш.Т. Айтматовтың “Материнское поле” повесі бойынша спектакль қойды.

Олар өз жұмыстарын келе жатқан мереке – Жеңіс күніне арнады. Көрермендер арасында ИнЕУ студенттері, колледж оқытушылары және ата-аналар болды.

       Көрермендердің саны залда шектеулі болғандықтан,  тікелей эфирде де қойылым көрсетіліп,  көптеген өнер сүйер қауым көрсетілімді тамашалай алды.

      Спектакль басталар алдында колледж директоры Ш.А. Тәженов сөз сөйледі. Оның сөздері спектакльдің мазмұнын қабылдаудың ерекше атмосферасын жасады. “Мұнда сіз адам сезімінің барлық тереңдігін көресіз, ананың қайғысын сезінесіз, ұлы апат – соғыстың қатыгездігін түсінесіз”, – деді Шалқар Әміржанұлы.

        Сахнада көрермен екі негізгі кейіпкердің: дала пен Толғанайды, ана мен жер ананың терең байланысын сезінді. Толғанай  ана бақыты тамырдан шыққан сабақтар тәрізді  халық бақытынан келетінін жақсы біледі.

       Толғанай өз қайғысын тек егіс алқабына ғана білдіре алды, тек оған өзінің азабы мен үміттері туралы айта алды. Толғанайдың ері мен баласын сұм соғыс алып кетті. Әйел басына  түскен сынақтар оның еңсесін түсірмеді.

       Көрермендерге  кейіпкердің орта ұлы Мәселбектің хаты қатты әсер етті. Шынайы және терең жазылған хат ешкімді  бей-жай қалдырмады.Ол оң іс үшін күресуге кетті.

Толғанай айтқандай: “Бәрімізді кешір, Жеңіс! Сен үшін қанша жан құрбан болды!»
          Залда әсер алмаған адамдар болмады, қойылым әр адамның жүрегін елжіретті, өйткені әр отбасында сол сұм соғыстан оралмаған туысы табылары хақ. Ал спектакльдің басты идеясы – қоғамдағы бір адамның тағдыры ұлт тағдырының ажырамас бөлігі. Ш.Айтматов бұны оқырманға жеткізгісі келген тәрізді.

         Көрермендер сұрауы бойынша актерлер бірнеше рет тағзым етуге шықты. Олардың орындауын  колледж директоры Шалқарбай Әміржанұлы  жоғары бағалады. Оларға шығармашылық табыс тілей отыра, келе жатқан мерекелерімен құттықтады.

       Ата-аналар да өз сезімдерін толқумен білдірді: «Біздің балалар қойылымды бір деммен шебер орындады. Біз мақтан етеміз. Жастар, соғыс зардабын ұмытпаңдар!»

      Студия мүшелерін тұсаукесермен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге жаңа тамаша қойылымдар тілейміз!