Мен өз таңдауымды жасадым!

         ИнЕУ жоғары колледжінің студенті Сабина Белгібаева өзінің туған күні қарсаңында сайлауға қатысты.
–     Бүгін менің туған күнім, дегенмен мен дауыс беру үшін осында келдім.  Мен үшін сайлау маңызды болған соң, қуанышты  және  салтанатты сезімдемін, -деп өз көңіл-күйімен бөлісті.

       Ол еліміздің болашағын анықтауда, сайлауға  қатысу кез келген азаматтың борышы деп біледі.

       Өз учаскесінде дауыс  берген  студент ұйымдастырушылардың  назарынан тыс қалмады.  Сайлаушымызға  естелікке  кішкентай сыйлық тарту етілді.