«ЖК ИнЕУ-2020 аруы» конкурсы өз мәресіне жетті

     Кәсіби мамандар сұлулық байқауын сәттілікке жетелейтін шоу деп атайды. Бұл тамаша, таңқаларлық қойылым, өйткені сұлулықтың өзі таңғажайып және ерекше құбылыс. 2020 жылдың нәтижесінде желтоқсанның 29-ы күні  онлайн форматта  «ЖК ИнЕУ-2020 аруы» сұлулық байқауы өткізілді.

Жастық, сымбаттылық, сұлулық пен талғампаздық мерекесі.

Байқауға қатысу үшін әр бөлімнен  бес қатысушы өтінім білдірді.

 

1. Кривова Анна Ф-110
2. Алькенева Азиза НО-318
3. Төлеген Гүлім ВТИПО – 110
4. Бельгибаева Сабина П-239
5. Жұмалин Айгерим ТОРОПЗ-110

 

Іс-шара колледж директоры Ш.А.Тәженовтің құттықтау сөзімен басталды, ол барлық сайыскерлерге сәттілік тіледі.

Жүргізушілер   қазылар алқасын таныстырды. Олар:

1. Ташеков Ш.А. ИнЕУ тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер  басқарма жетекшісі
2. Апаева Ж.К. ЖКИнЕУ тәрбие ісі бойынша директордың орынбасары
3. Божкова С.А. Колледж әдіскері
4. Савицкая Е. Студенттік кеңестің төрайымы, Ф-219 тобының студенті
5. Бейсов Г. Студенттік кеңестің  мүшесі, ТОРО (ПЗ)-219  тобының студенті

Байқау 6 кезеңнен тұрды:

1 «Визит картасы.

2 «Үй тапсырмасы».

3 «Блиц сұрақтар».

4 «Фотосессия».

5 «Дефиле».

Конкурс қарсаңында жарияланған алтыншы кезең лайктар үшін күрес, онлайн дауыс берумен жалғасты!

Нәтижесінде ТОРО (ПЗ) -110 тобының студенті Жұмалин Әйгерім қазылар алқасының мүшелерінің жариялауымен «ЖК ИнЕУ-2020 аруы» байқауының жеңімпазы болып танылды.

Іс-шараға «ИнЕУ аруы -2019»  Қарабай Данагүл шақырылды (ол біздің колледждің түлегі), ол өзінің тәжін салтанатты түрде 1-ші орын алған қатысушымыз Жұмалин Әйгерімге ИнЕУ-дің келесі сұлулық байқауында жеңіске жетеді деген үмітпен тапсырды.

Конкурстың титул иелері:

«Колледждің Вице Аруы»  – Алькенева Азиза, НО-318 тобының студенті;

«Әсемділік аруы» – Бельгибаева Сабина, П-239 тобының студенті;

«Көрермендер көзайымы» – Төлеген Гүлім, ВТиПО-110 тобының студенті;

«Әртіс ару» – Кривова Анна, Ф-110 тобының студенті.

Байқауға қатысушылар мақтау қағаздар және естеліктермен марапатталды.

Байқаудың жеңімпазы Әйгерімді құттықтай отырып, барлық қатысушыларға шығармашылық табыстар және оқуда сәттілік тілейміз!