Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында ИнЕУ-дің жоғары колледжі студенттері арасында «Менің Қазақстаным және қазақстандықтар» бейнелеу өнері байқауы өткізілді. Байқауға «Дизайн» мамандығының 1, 3 және 4 курс, сонымен қатар М-219 және Ф-219 топтарының 24 студенті қатысты. Байқау екі номинация бойынша өтті: «Композиция» және «Портрет».
Қазылар алқасының құрамына кәсіби суретшілер мен дизайнерлер – колледж оқытушылары енді. Әр санатта бір бірінші орын, екі екінші және үш үшінші орындар берілді.
Кабыкен Куралай, Голубцова Настя, Столбова Екатерина, Халиулина Виолетта, Черкасова Марина, Баймбетова Алина, Иманкулова Азиза, Булкаиров Ансар, Шадрин Илья, Амри Расул, Малеева Ангелина, Карповец Наталья дипломдармен, ал Мишин Вадим мен Мажуга Ксения арнайы сертификаттармен марапатталды. Қалған қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Байқауға ұсынылған жұмыстар әр түрлі техникада орындалды. Бұндай жұмыстарға қағаз, қарындаш, гелий қаламы қолданылған графика, сондай-ақ гуашь пен акварельде жасалған сурет және коллаж, аппликация техникасы кіреді. Байқауға қатысушылар өз туындыларында туған жерінің сұлулығын, еліміздің және Елорданың ұлылығын көрсетті.
Конкурс жеңімпаздары мен қатысушыларына толағай шығармашылық табыстар тілейміз!