Осындай жігіт бар

  Көптеген елдердің мемлекеттері коронавирустық инфекциямен күресте күш біріктіріп тырысуда, өйткені әлемде жағдай жақсарып жатқан жоқ.

Мұқтаж елдерге құрал-жабдықтар мен дәрі-дәрмектер, дезинфекциялаушы құралдар мен қорғаныс құралдары, медициналық қызметкерлердің бригадаларымен гуманитарлық көмек көрсетіліп жатыр.
       Осы жылдың шілдесінде қалаға Түркиядан гуманитарлық көмек келді.

Барлық алынған жүктер облыстың ауруханалары мен емханаларына жіберілді.

       Бұл акцияға еріктілер белсенділік  танытты Көмекке бірінші болып ИНеУ жоғары колледжі ЭсиС-219 тобының студенті Захар Лобко және «Жас Дарын» мектебінің оқушысы Диана Абай келді. Олар гуманитарлық көмектерді таратуға, дәрі-дәрмектерді жинауға, жүктер межелі жерге жетуі үшін арнайы мөрмен мөртабан қораптарын салуға көмектесті.
        Көрсетілген ерікті көмек үшін Захар Лобко Павлодар облысы бойынша сыбайлас  жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің  департаменті басшысы А.Н. Тастеміровпен қол қойылған алғыс хатпен марапатталды. Алғыс хат Павлодар облысы бойынша жемқорлыққы қарсы Агенттігі Департаментінің адалдық және алдын-алу басқармасы басшысы Бекжанов Н.А.-дан  берілді.
      Захар Департаменттің көмекшілерінің тізіміне енгізіліп, алғыс хатпен марапатталды. Еріктілер отряды риясыз істері  үшін  осындай  тағы бір марапатқа ие болды.

Құттықтаймыз!