9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні

            2020 жылдың  8.12 күні  Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен тұңғыш Президент Қоры осы бағыттағы түрлі ұйымдардың қызметіне арналған Халықаралық деңгейдегі дөңгелек үстел өткізді.

 Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күн БҰҰ Конвенциясына сәйкес жыл сайын 9 желтоқсанда атап өтіледі.

       Тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап Қазақстан сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күрес жүргізіп келеді және барлық мемлекеттермен және тиісті халықаралық ұйымдармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы майданда сындарлы өзара әрекеттесуге дайын.
          Дөңгелек үстелге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы Басқармасы, БҰҰ мен ЕҚЫҰ-ның Қазақстандағы өкілдері, еріктілер қоры және Германия, Пакистан, Палестина, Франция т.б. шет елдерінің өкілдері қатысты.      
         Президенттің көмекшісі А.Асикешев, «Астана» орталығының менеджері Н.Хамитов, Парламент Мәжілісінің төрағасы К.Мусин құттықтау сөздерімен сөз сөйледі.

          Осы деструктивті құбылыспен күресу шаралары туралы, халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін арттыру, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуы туралы дәйекті әңгіме өтті.
      Форумға қатысушылар оң нәтижелерге жету үшін жоғары сөзден және жалған сөйлеуден бас тартып, мақсатты түрде   жұмыс жүргізу керектігін  атап өтті. ҚХР, Греция, Өзбекстан және АҚШ өкілдері сыбайлас жемқорлықпен күресу тәжірибесімен бөлісті.

      
        Ешбір ел, бірде-бір аймақ, бірде-бір қоғам сыбайлас жемқорлықтан қорғалмаған.

         БҰҰ мәліметтері бойынша параның жылдық көлемі бір триллион долларға бағаланған. Сыбайлас жемқорлықтың кесірінен әлемдік экономика тағы 2,6 триллион  доллар жоғалтып отыр.

         Қоғамдық ұйымдар, білім беру мекемелері, мемлекеттік қызметкерлер, құқық қорғау органдары және жалпы барлық мүдделі азаматтар сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне қарсы тұрудың күшті құралы болып табылады.

         Дөңгелек үстел ұсыныстарды қабылдаумен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыталған   шарамен  аяқталды.