Қазанның 13 күні 1-2 курс колледж студенттері акушер-гинеколог Омарбекова Аяжан Даулетқазиевнамен кездесті. Кездесудің тақырыбы – “Ерте жүктілік және оның салдары”.
Аяжан Дәулетқазықызы медициналық өлшем бойынша 18 жасқа дейінгі жүктілік ерте жүктілік деп саналатынын және әйел ағзасы 19 жаста ғана толығымен жетіліп, жүктілікке дайын болатынын атап өтті.
Дәрігермен сұхбат кезінде студенттер ерте жүктіліктің қауіптілігі, одан қорғану жолдары және жүктілік басталған жағдайда қандай әрекеттер жасау керектігі жайлы мағлұмат алды.
Әрине, жүктіліктің алдын алу әңгіменің ең басты тақырыбы болып табылды. Дәрігер қыздарға жыныстық тәрбие туралы кітап оқу, ата-аналармен сенімді қарым-қатынасты қалыптастыру және “ересек” өмірдің салдарын бағалау үшін қажетсіз жүктіліктен қорғану әдістері туралы жиі сөйлесу қажет деп атап өтті.
Әңгіме соңында дәрігер тыңдаушыларға ересектік өмірді бастамас бұрын, жастық шақтың, студенттік өмірдің, махаббат пен достықтың сұлулығын сезіну туралы кеңес берді.