Қазіргі таңда студенттерді отансүйгіштікке тәрбиелеу негізгі міндеттердің бірі болып табылады

Қазіргі таңда студенттерді отансүйгіштікке тәрбиелеу негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Қоғамға дені сау, жоғары білімді, батыл және Отанының патриоттары қажет.
2020 жылдың 29 қыркүйегінде колледж әкімшілігі, оқытушылар құрамы, отряд іздеушілері, «Іздеу мектебінің» жас іздеушілері, сонымен қатар 1 курс студенттерінің қатысуымен Павлодардың «Майдан жолы» іздестіру-зерттеу тобы және ИнЕУ Жоғары колледжі бірлескен жұмысы аясында онлайн конференция өткізілді.
Конференцияның мақсаты: жастарды еріктілер қызметіне тарту және іздеу қозғалысына қатысу.
«Майдан жолы» аймақтық іздеу-зерттеу отрядының командирі А. В. Шитов конференция қатысушылары алдында сөз сөйледі.
Ол отрядтың құрылу тарихы, іздеу қызметінің маңыздылығы және 11 жыл бойы атқарылған жұмыстар жайлы айтып берді.
Ол жоспар мен қызықты жобалармен бөлісе отырып, волонтер-студенттерді іздеу мектеп қатарына қосылуға шақырды.
С.Г.Федоренко әртүрлі интернет-ресурстарды пайдалану арқылы мұрағат құжаттарымен жұмыс жасау тәжірибесімен бөлісті. Мұрағаттық іздестіруде тәжірибесі мол, күрделі жұмыстың қыр-сырын білетін іздеуші Сергей Геннадьевич Федоренко студенттерге түрлі интернет-ресурстарды қолдана отырып, мұрағат құжаттарымен жұмыс жасау туралы әңгімелеп берді.
ИнЕУ Жоғары колледжінің оқытушылары мен студенттері атынан АӘД оқытушысы, отрядтың іздеушісі Н.Т. Магзумов сөз сөйледі. Ол колледждегі іздеу топтары құрылғаны және жұмыстың негізгі бағыттары анықталғаны жайлы және іздеу қозғалысының жұмысы туралы баяндап берді.
Іздеу жасақтарының ұйымдастырушылары студенттерді іздеу шаралары жұмысында белсенділік танытуға шақырды.
Бұл кездесу студенттер ұжымы өкілдері арасынан іздеу қозғалысының жаңа энтузиастарын табуда зор көмек беретініне үміттенеміз.