Жыл сайын күні

Жыл сайын 1 қазанда Қазақстанда қарттар күні аталып өтіледі. Бұл күні біз аға буын – мұғалімдеріміз бен тәлімгерлерімізге ерекше ризашылығымызды білдіреміз. Кейінгі ұрпақ үшін сіздердің тәжірибеңіз өте маңызды және істеріңіздің лайықты ізбасарлары болуға тырысамыз. Әлі де жас ұрпақ үшін үлгі-өнеге болып қала бермексіздер!

Отан игілігі алдында адал еңбектеріңіз үшін зор алғысымызды білдіреміз! Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға баянды бақыт және ұзақ ғұмыр тілейміз!

Құрметпен, ИнЕУ жоғары колледжі ұжымы