Павлодарлық іздеушілер ҰОС кезінде қаза тапқан қазақстандық жауынгердің туған-туыстарын тапты

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Ұлы Отан соғысының майданына шақырылып, 1943 жылы хабарсыз кеткен қазақстандық жауынгер Петр Федорович Бойцовтың мүрделерін Мәскеудің іздеу жасағы наурыз айында Ресейдің Смоленск облысында тапты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Майдангер Петр Бойцовтың сүйектері Смоленск облысының Ельнин ауданында Мәскеуден келген «Застава Святого Ильи Муромца» атты ресейлік іздеу тобымен табылды.

Жауынгердің жеке медальоны табылды. Әскери қызметшінің жеке басын тану Мәскеу жасағының командирі Андрей Фетисовтың жүргізген сараптамасының арқасында мүмкін болды- деп атап өтті “Майдан жолы” павлодарлық іздестіру жасағының командирі Александр Шитов . Нысанда Федосья Бойцовтың туысы көрсетілген. Жеке заттардан гильзадағы қарындаш, ұстара және пышақ сақталған.

“Ол 30-шы гвардиялық атқыштар дивизиясында қатардағы жауынгер болып қызмет етті. 1943 жылдың тамыз айынан қазан айына дейін Смоленск шабуыл операциясына қатысып, Ельней маңында қанды шайқастарда күресті », – деді Александр Шитов. – Петр Бойцов 1943 жылдың тамызында қаза тапты”.

Андрей Фетисов Александр Шитовке Павлодар облысынан шыққан майдангер туралы жаңалықты хабарлаған кезде, павлодарлық іздеушілер бірден туыстарын іздестіруді бастады. Петр Бойцов Үрлітүб АӘК-ге шақырылып, Павлодар облысы Үрлітүб (қазіргі – Железин) ауданының Михайловка ауылында тұрған. Екі күн бойы “Майдан жолы” іздеу жасағы жергілікті тұрғындары мен Михайловка ауылының қариялары арасында сауалнама жүргізді , Железин ауданы әкімдігінің аппаратын, жергілікті мұрағатшыларды қосты, бірақ барлық әрекеттер нәтижесіз болды. Бойцовтар отбасы туралы ешкім естімеген, мұрағатта ештеңе сақталмаған. Енді тек көші-қон қызметіне өтінішпен жүгіну керек болды.

“Іздеу жұмысының үшінші күні”Майдан жолы” жасағының командиріне телефон қоңырауы түсті. Бұл Ольга Александровна Ширина еді-Петр Бойцовтың немересі. Оның анасы – Петр Федоровичтің туған әпкесі,-деп хабарлады журналистерге “Майдан жолы” Павлодар іздеушілер жасағының командирі Александр Шитов. Біз алғашқыда әңгімелесе алмадық, өйткені Ольга Александровна қатты күйзеліс салдарынан жылап, тыныштай алмады. Әңгімені кейінге қалдырып, Павлодардың барлық іздеушілерімен және жұртшылығымен жеке кездесу туралы келісті”.

А.Шитовтың айтуынша, бірнеше күннен кейін Ольга Александровна Германия мен Ресейде тұратын барлық туыстарын хабардар етеді және көптен күткен кездесу өтеді, онда “Майдан жолы” жасағының іздеушілері, Инновациялық Еуразия Университетінің жоғары колледжінің жас іздеуші- студенттер тобы, Павлодар география үйінің өкілдері, мұрағат және мұражай қызметкерлері жиналды. Ольга Ширина кездесуде отбасылық фотосуреттерді көрсетіп, отбасы тарихын айтып берді.

Бойцов Петр Федорович 1899 жылы Новгород облысының Соловьево ауылында дүниеге келген. Революциядан бұрын, 1914-1915 жылдары отбасымен Михайловка ауылына көшіп келді (Павлодар облысы Железин ауданындағы ауыл-Казинформ). Анасының есімі- Варвара, ол 1962 жылы немесе 1963 жылы қайтыс болды, – деді О. Ширина. – Әкесі Федор соғыс алдында қайтыс болды. Әпкелері-Вера, Таисия, Ольга (Ольга Александровнаның анасы)”.

Оның айтуынша, Федосья Бойцова-Петр Федоровичтің әйелі. Олардың Зинаида деген қызы болды.

“Петр майданға Михайловка ауылынан кетіп, қайтып оралмады, қызы Зина өсіп, Михайловка ауылының тумасы Яков Исаковқа тұрмысқа шықты. Олардың балалары Яков пен Тамара туды, кейіннен олар Молдоваға көшті. Федосья олармен бірге тұрды. 1990 жылдан кейін байланыс үзілді, тек Федосья мен Зинаида қайтыс болғанын білемін”, – деді майдангердің немересі.

Александр Шитовтың айтуынша, енді Молдовадағы туыстарын іздеуді бастау керек: шөберелері-Яков Исаков пен Тамара Исакованы . Сол жерде павлодарлық іздеушілердің бірнеше жылдар бойы бірге жұмыс істейтін достары бар. Оларға “Майдан жолы” отряды “Победа” ұлттық үйлестіру комитетінің төрағасы Алексей Петровичпен және “Август” іздеу жасағының командирі Василий Сеньковскимен хабарласқан.

Жауынгердің туыстары оның қалай соғысқанын, қаза болғанын және Отан үшін жанын берген жақынының қайда жерленгенін білуі керек. «Застава Святого Ильи Муромца» жасағының мәліметіне қарағанда , жаппай жерленуіне байланысты қазақстандық жауынгердің мәйітін 2020

жылдың қыркүйегінде Ельня қаласының маңына жерлеуді жоспарлап отыр”,-деп толықтырды А.Шитов.

Суреттерді А.Шитов ұсынған