Студенты Высшего колледжа ИнЕУ посетили Павлодарский областной центр крови

18 қыркүйек күні ИнЕУ Жоғары колледжінің студенттері Павлодар қаласының облыстық Қан орталығына барып, «Гемопоэтические клетки: донорство, которое спасает мир» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты. Іс-шара барысында қаламыздың медициналық ұйымдарынан келген дәрігерлер гемопоэтикалық жасушалардың маңызы, донорлықтың адам өмірін сақтаудағы рөлі туралы айтып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Студенттер сүйек кемігі донорларының регистріне қалай тіркелуге болатынын, оларға қойылатын талаптарды және процедураның қалай өтетінін білді.
Іс-шара студенттерге донорлықтың маңызын түсініп, бір адамның игі ісі басқа бір адамның өміріне үлкен өзгеріс әкелуі мүмкін екенін ұғынуға мүмкіндік берді.
Жетекші:Алибаева М.Ш