Конкурс эссе «Менің таңдауым – Павлодар»

С 17 по 20 мая в высшем колледже ИнЕУ прошел 1 этап конкурса эссе на тему «Менің таңдауым – Павлодар». Согласно условиям конкурса, в нем принимали участие студенты, приехавшие для обучения в наш город из других регионов Казахстана. Работа выполнялась на государственном языке.

В конкурсе эссе приняли участие 11 студентов нашего колледжа. Согласно протоколу конкурсной комиссии, призовые места распределились следующим образом:

Победитель (1 место): Дулатова Адинай, гр. ПД-110 (руководитель: Каирбаева Н.Ш.); 

Призёр (2 место): Маскаева Зифа, гр. ТОРО ПЗ-110 (руководитель: Молдабек А. С.);

Призёр (3 место): Мәрен Нұртлеу, гр. КиЛ-219 (руководитель: Алибаева М.Ш.).

Поздравляем победителей, благодарим студентов и преподавателей за участие.

Дулатова Адинай примет участие в областном этапе конкурса.


 

Оқу орны: ИнЕУ жоғары колледжі
Мамандығы : Аударма ісі
Тобы: ПД-110
Студенттің аты-жөні: Дулатова Адинай
Туған жері : Шығыс Қазақстан облысы
Өскемен қаласы

“Менің таңдауым — Павлодар”

«Адамдар жақсы өмір сүрем деген  үмітпен бөтен жерлерге көшеді»
(Янн Мартел «Пидің өмірі»)

Мен Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында дүниеге келдім. Сол жерде  өсіп, мектепті бітіріп, аудармашы болуды арман еттім. Көктемде мен қай оқу орнына түсетінімді білдім. Өзім ешкімге тәуелді болмай және жауапкершілікті сезінуді қалап, басқа қалаға қоныс аударуды шештім. Көшудің машақатының қыр-сыры бәрімізге аян. Соған қарамастан мен Павлодар деп аталатын қалаға ат басын бұрдым.

Менің таңдауымның басты себебі-жергілікті мектептер, колледждер мен университеттердің беделі. Мен Инновациялық Еуразия Университетінің жоғары колледжіне оқуға түстім, бұл оқу орнында өз-өзімді дамыту мен  жетілдіру үшін көптеген мүмкіндіктер бар. Мұнда лайықты білім аламын. Оқу орындарының қала имиджіне сәйкес келетіні -керемет. Менің  жаңа тұрғылықты жерім мен оқу мекемемде көптеген ұқсастықтарды көремін.  Мысалы, оларда жайлылық  пен даму ахуалы бар. Мен өзімнің рухани және интеллектуалдық өсуімдегі жақсаруды өз көзіммен көремін. Колледжде  оқу қызықты, ал оқудан тыс өмір өзін-өзі жүзеге асыру үшін көптеген мүмкіндіктер беретініне сөз жоқ. ИнЕУ ЖК маған жеке тұлға ретінде  өзімді түсінуге көмектеседі, өмірді мағыналы және бай етеді деп сенемін.

Келесі себеп-бүгінгі таңда Павлодар облыстық жоғары технологияларды дамыту орталығы болып табылады. Әрине, ғылым қоғам мәдениетінің маңызды нысандарының бірі, ал оның дамуы адам өмірінің барлық салаларын жаңартудың маңызды факторы болып табылады. Маған елімізде цифрландырудың қалай өтіп жатқанын бақылау ұнайды. Павлодарлықтар өздерінің технологиялық сауаттылығын мақтан тұтады. Сондай-ақ, қала экономикасы, оның өнеркәсібі туралы ұмытпау керек. Қалада мұнай өңдеу, химия, алюминий, электролиз, металлургия, картон-рубероид, машина жасау зауыттары бар. Павлодар облысы Қазақстанның ең ірі индустриалды және экономикалық дамыған аймақтарының бірі болып танылды. Бұл қаланың кәсіпорындары бүкіл еліміздің игілігі үшін жұмыс істейді. Алайда, бұл үлкен көлемдегі мәселе —қоршаған ортаның ластануын тудырады. Дегенмен, қала кәсіпорындарға да, табиғатқа да қамқорлық жасауға тырысады. Бұл құрметке лайық.

Павлодарға деген қызығушылығымның соңғы себебі , қала мәдениеті болды. Мұнда ешкімді бей-жай қалдырмайтын көптеген мұражайлар бар. Олар қала тарихының байлығын ғана емес, сонымен қатар өнер, музыка және басқа да естеліктерді сақтайды. Қалада Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыкалық драма театры  және А.П. Чехов атындағы драма  театры бар, бұл жерде көрермен көңілінен шығатын туындыларды тамашалай  аламыз. Газет-журнал сүйер қауым үшін “Звезда Прииртышья”, “Сарыарқа самалы”, “Обозрение недели”, “Городская неделя” және басқа да көптеген басылымдар бар. Осы жердің қасиетті топырағында Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы,  Қаныш Сәтпаев,  Шәкен Айманов, Сұлтанмахмұт Торайғыров сынды ғұлама ақын-жазушылар мен ғалымдар дүниеге келген. Бұл қала өмірдегі орныңды тауып,  өзіңнің сүйікті ісіңмен айналасуға көп мүмкіндік береді.

Павлодар қаласының табиғаты өте әдемі. Қала көркем жерде салынған, ол кеме жүзетін Ертіс өзенінің бойында тұр. Өткен ғасырлардағы ежелгі сәулет ғимараттарының сақталғаны қуантады. Сегіз жүз мыңға жуық халқы бар  Павлодар барлық тұрғындарды біріктіріп, бейбіт өмір сүру үшін барлық қажетті жағдайларды жасай алады. Сондықтан көшедегі адамдар әрқашан мейірімді, жанашыр және толерантты болады. Мен бұл жерде қанша ұлт өкілдері ашық аспан аясында бейбіт өмір сүретініне таңғаламын. Қала тұрғындары салауатты өмір салтын ұстанып, экология мен жан- жануарларға көмектесуге тырысады. Командалық рух-бұл павлодарлықтар туралы. Павлодар өңірінің тұрғындары туған қаласы мен Ертіс жайылмасын тазартуға қатысады, өйткені қолайлы орта адамдардың өмірі мен денсаулығының маңызды құрамдас бөлігі.

Осылайша Павлодар менің екінші үйім болды. Бұл менің жастығымның, мүмкіндіктерімнің және болашағымның қаласы. Осы жерде тұрған бір жылда мен жаңа достар тауып, келешек өмірге жоспарымды белгілеп,  жаңа тәжірибеге ие болдым. Кейде мен өз Отанымды, биік таулар мен Шығыс желін сағынамын. Бірақ, мен бұл жерді жеке тұлға ретінде өсу үшін таңдадым. Мен Павлодардан ең жақсысын алып, оған пайда әкелгім келеді. Адамдар жақсы өмір сүруге үміттенеді, мен де қалыс қалмаймын. Мен бұл қалаға және оның тұрғындарына барлығы үшін алғыс айтамын. Гүлдене Бер, Павлодар! Мен сені сүйемін.


Оқу орны: ИнЕУ жоғары колледжі
Мамандығы: Электрмен қамтамасыз ету
(салалар бойынша)
Тобы: БЭС-110
Студенттің аты-жөні: Маскаева Зифа  Викторовна
Туған жері: Түркістан облысы, Арыс қаласы

Менiң таңдауым Павлодар

Патша көрік Павлодар, пырақ қанат,
Сенен қалай өз қызың жырақтамақ.
Сексен жылдың сеңгірін асқаныңда
Сүйіншілеп Самалың жыр ақтармақ

Павлодар қаласы Ертіс өзені жағасы жазығында, Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысында орналасқан облыстағы ең үлкен қала. Мен – Маскаева Зифа, Павлодар Инновациялық Еуразия университетінің Жоғары колледжінің ТОРОПЗ-110 тобының 1 курс студентімін. Туып-өскен жерім: Түркістан облысы, Арыс қаласы. Мектепті бітіргеннен кейін түлектердің алдағы өмірінде өте маңызды таңдау тұр – ол кәсіби оқу орнын таңдау. Әркім өз еркімен салауатты түрде мамандық таңдап, болашақта кім болғысы келетінін мақсат тұту керек. Бұл жерде сұрақ туындайды, қай қалада қолайлы оқу орны бар екен? Мен әртүрлі қалаларды талдадым. Көп ой-талқыдан кейін Павлодар қаласын таңдадым. Неге Павлодар қаласы? Әрине, болашақ студенттерді сапалы, дәрежесі жоғары оқу орындары қызықтырады. Бірақ, қаланы да таңдай білу керек. Өйткені біз онда құр оқымай, сондай-ақ біраз жыл ғұмыр кешуімізге тура келеді. Демек, қала да ұнау керек. Менің таңдауым Алматы- Қарағанды- Павлодар аралықтарында болды. Менi “тыныш” қала қызықтырды. Сол кезде Алматы мен Қарағанды қалаларын қаламадым, себебi климаттары ұнаған жоқ. Павлодар өзінің тыныштығымен, халқы мейірімді, жасыл қала. Мұнда көркем жерлер көп. «Павлодар – суретшілердің қаласы»- деп айтады. Әрине, экологиялық тұрғыдан проблемалар бар. Сондай-ақ, жастарды қызықтыратын көп себептер бар. Табиғаты өте көркем. Баянауыл, Шалдай тәрізді сұлу аймақтар бар, қайыңды ормандар көп. Ертіс өзенінің өзі өте қызықтырады. Павлодарға алғаш келгенімде таныстарым Ертістің қалалық жағалауына апарды, осы жерден өзенге керемет көрініс ашылды.  Бұл жерде балық аулау, жағадағы футбол, т.б. спорт түрлерімен айналасуға мүмкіндіктер көп.

Өзіндік тарихы бар қаланың бүгінгі көрініс көз тартарлық. Ертіс жағалауы – павлодарлықтардың, қонақтардың демалыс орны. Павлодарды мәдени орталық ретінде көпшілік мақтаныш етеді. Мен тарих, мәдениетке және т.б. қызығушылық танытатын жанашыр адаммын. Шынында да, Павлодарда 100 жылдан асқан көптеген текстуралы ғимараттарды кездестіруге болады. Көптеген тарихи маңызы зор ғимараттарды көрдім. Мысалы, Бұхар Жырау мұражайы, Өлкетану мұражайы, Майра Шәмсуддинқызы атындағы және көркемсурет мұражайлары көпке тұрады. Мұнда Ж. Аймауытов атындағы қазақ музыкалық драма театры, А.Чехов атындағы орыс театры, С.Торайғыров атындағы ПУ, ПМПИ, ИНЕУ секілді ЖОО, көптеген лицейлер мен орта арнаулы оқу орындары бар. Теміржол мен автомагистральдар тоғысқан қиылыста орналасып Павлодар қаласы облыстың барлық елді мекендерімен, Қазақстанның облыстық орталықтарымен, таяу және алыс шетел (Ресей Федерациясы, ҚХР, Германия) елдерінің қалаларымен транзиттік мүмкіндікке ие. Қала әуежайынан республика бойынша, сондай-ақ, Ресейге, Германияға, Түркияға, Қытай мен Араб Эмираттарына үздіксіз әуе рейстері ұшып тұрады.  Бірақ бұл қала мені тек Ресейді еске түсіретін ескі қаламен ғана емес, сонымен қатар қаланың басты көшелерінің бірі Н.Назарбаев даңғылында Мәшһұр Жүсіп атындағы мешітінің қызықты сәулетімен де таныстырды. Бұндай флюористік дизайн мен діни ғибадатхананы Қазақстанның еш жерінде кездестірген емеспін. Облыс орталығы болғандықтан ірі өнеркәсіп зауыттарынан түрлі салалық бағыттағы өндірістер, сүт өнімдері, машина жасау, құрылыс, энергетика, алюминий, химия өндірісі және металлургия өндіріледі. Бұл алды ғана. Болашақта осы қаланың жетістіктерімен  жақын танысуды армандаймын және мақсат етем. Тыныштығы жарасқан Павлодардай көркем қаланы тандаганыма ризамын. Сөзімнің соңында айтарым мен өз таңдауымды жасадым және таңдауымды өзгертпеймін.


ИнЕУ Жоғары Колледжі КиЛ-219 тобының
студенті Мәрен Нұртлеу Жантлеуұлы
Акмолинская обл., Бурабайский р-н
с. Кенесары

Менің таңдауым – Павлодар

Әр жасөспірім адамның өмірінде ең үлкен таңдаулардың бірі – оқу орны және болашақта өмір сүретін қаланы таңдау.

Мен кербез сұлу Көкшетау қаласы,кереметтей Бурабайдың тұрғынымын. Неліктен мен туған жерімнен алыс қашықтықта орналасқан қаланы таңдадым!? Павлодар қаласы тыныш, таза, жасыл. Онымен қоймай әдемі алаңдар, кинотеатр мен мұражайлар, керемет жағажайы бар Павлодар – көп ұлтты, адамдары тату өмір сүреді. Сонымен қатар мендей жасөспірімді қызықтырған көптеген жерлер бар. Экология жағынан жақсы болмаса да, ауаны жақсартатын көптеген қалалық саябақтар бар.

Павлодарға бірінші рет келгенімде әпкем мені бірден Ертістің жағалауына апарды, осы жерден керемет көрініс ашылды. Осындай әдемі жағажайды бұрын көрген емеспін! Жағалаудан басқа, есте қаларлық Баян ауыл тауларын, көптеген көлдер, өзендер, қайың тоғайларын көріп, ғашық болдым. Қаланың тамсанарлық басқа жерлерін тамашаладым: С.Торайғыровтың ескерткіші, Даңқ аллеясы, өлкетану мұражайы және көптеген басқа орындарға баруды ұната бастадым. Сонымен қатар сәулеті бойынша қызықты Мәшһүр Жүсіп Көпеев атындағы мешіті қазақ баласына айтарлықтай жақсы әсер қалдыратыны сөссіз.

Павлодар жылдың кез келген уақытында әдемі. Жазда ол барлық жерде өсетін жасыл және түрлі түсті гүлдермен безендіріледі. Күзгі уақытта қала өзінің ерекше қызыл және сары түстермен боялады. Қыс та артта қаларлық емес, қар мен жеңіл аяз, ол Павлодардың ағаштарын таңғажайып өрнектермен әсерлейді.

Павлодар жері әлемге табиғи байлығымен, әсем жерлерімен ғана емес, талантты адамдарымен де танытылды. Қаныш Сәтбаев, Майра Шамсутдинова, Шәкен Айманов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Павел Васильев, Мәшһүр Жүсіп Көпеев секілді талантты да, дарынды өкілдерді түгелдей тізбектеп жазу мүмкін емес. Мен қаламның ең беделді  ИнЕУ жоғары колледжіне оқуға түстім, осында көптеген достарымды кездестірдім. Жоғары білімді мұғалімдерден тәлім аламын. Көптеген іс-шараларға қатысып, тәжірибемді жоғарлатуға мүмкіндік алдым. Жоғары технологиялармен жұмыс жасап, одан әрі танымымды көтеріп келе жатырмын. Осындай жоғары беделді колледжде оқу мендей жас азаматқа үлкен қуаныш.

Павлодар – өнеркәсіп, жаңа технологиялар, ғылым, мәдениет және тарих орталығы деп санаймын. Онымен қоймай, болашақта біздің қаламыз әлі талай көркейеді деп ойлаймын. Мен Павлодарды жақсы көремін және мақтан тұтамын. Осындай әсем қалада тұрып, білім алып, өмір сүріп жүргеніме өте қуаныштымын!