Талапкерге

Қабылдау комиссиясы
біздің
мамандықтар
"Талапкерге"
Сайты
Мектеп оқушылары үшін сынама тестілеу
college_images_news_18.03.2020_distance_1
Құжаттарды
онлайн тапсыру

Құрметті мектеп түлектері!

Сіздің өміріңіздің маңызды кезеңі басталды, бұл кезең болашақтағы тағдырыңызға өзіндік ықпал етуі мүмкін.
Қандай мамандық таңдауыма болады? Болашақта кім боламын? Осы сұрақтардың жауабы өміріңіздегі көптеген өзгерістерге әсер ететіндігі белгілі. Кейбіріңіз нақты бір мамандықты таңдасаңыз, біреуіңіз әлі де ойланып жүрсіз. Кәсіптік салада табысқа жетесіз бе, қоғамға қажетті маман бола аласыз ба, көздеген мақсатыңызды орындай аласыз ба – осындай мәселелердің барлығы сіздің қабылдайтын шешіміңізге байланысты.
Кәсіптік салада өсу үшін, таңдаулы білім беру мекемесінде сапалы білім алу керек. ИнЕУ Жоғары Колледжі 11 жылдан аса экономикамыздың әр түрлі салаларына біліктілігі жоғары мамандар даярлайды. Көптеген жұмыс берушілер мамандарды жұмысқа қабылдағанда ИнЕУЖК дипломына қызығушылық танытады, бұл Колледждегі білім сапасының жоғары екендігін дәлелдейді.
Біздің колледжді таңдасаңыз:
- жаңа білім беру және ақпараттық технологияларды қолдана отырып оқисыз;
- өзіңіздің коммуникативтік, ақпараттық, тілдік құзіреттілігіңіздің деңгейін арттырасыз;
- белсенді студенттік өмірге қатысасыз;
- еңбек нарығына қажетті және қызықты мамандық аласыз (орта кәсіптік білім бағдарламасы бойынша мемлекеттік үлгідегі диплом);
- қысқартылған мерзімде жүзеге асатын жоғары кәсіптік білім бағдарламасы бойынша Инновациялық Еуразия университетінде оқуыңызды жалғастыруға мүмкіндігіңіз бар.
Әр түрлі мамандықтардың арасынан өзіңізді қызықтыратынын таңдауыңызға болады. Біздің колледжімізде өміріңізге тірек болатын шынайы достар таба аласыз. Егер қоғамға қажетті маман болуды қаласаңыз, ИнЕУ Жоғары Колледжіне оқуға түсіңіз.
Біз сізді күтеміз!
Қош келдіңіз!
ИнЕУ Жоғары Колледжінің директоры
Ташекенова Армангуль Умаровна

Талапкерлердің орташа балы

Жатақханаға мұқтаждар

Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы

zam4

Хамитова Асем Толегеновна

Мекенжайы: Павлодар қ., Ломов көш. 45, № 2 корпус, қабылдау бөлмесі
Телефон: +7 777 462 0373 (ішкі 230)
E–mail: prof.wkineu@mail.ru

Қабылдау жоспары

ИнЕУ жоғары  колледжінде техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға 2023 - 2024 оқу жылына арналға

Жүктеу

қабылдау ережелері

2023–2024  оқу жылына арналған Инновациялық Еуразия университетінің Жоғары колледжіне  студенттерді қабылдау ЕРЕЖЕЛЕРІ

Жүктеу

кестесі

Педагогикалық және шығармашылық емтихандарға түсу емтихандарының кестесі

Жүктеу

Қабылдау комиссиясының жұмыс тәртібі

  • Дүйсенбі 09:00 – 19:00
  • Сейсенбі 09:00 – 19:00
  • Сәрсенбі 09:00 – 19:00
  • Бейсенбі 09:00 – 19:00
  • Жұма 09:00 – 19:00
  • Сенбі 09:00 – 15:00
  • Жексенбі 09:00 – 15:00

Негізгі күндер

20.06.2024г-18.08.2024г.

Негізгі орта білім базасында құжаттарды қабылдау (9 сынып)

20.06.2024г-20.08.2024г.

Жалпы орта білім базасында құжаттарды қабылдау (11 сынып)

20.06.2024г-20.07.2024г.

Шығармашылық мамандықтарға құжаттарды қабылдау

20.06.2024г-20.09.2024г.

Сырттай бөлімге құжаттарды қабылдау

20.06.2024г-15.08.2024г.

Педагогикалық мамандықтарға құжаттарды қабылдау

Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқытуға конкурс өткізу тәртібі

Педагогикалық мамандықтарға түсушілер емтихандарды 18(20) тамызға дейін, шығармашылық мамандықтарға 28 шілдеге дейін тапсырады АЖ (ақпараттық жүйе) ҰБДҚ арқылы талапкерлердің 9-сыныптан кейін міндетті және бейінді пәндер бойынша (үш пән бойынша) орташа конкурстық балын айқындайды;

11-сыныптан кейін міндетті және бейінді пәндер бойынша (төрт пәннен) аттестат немесе ҰБТ сертификаты бойынша.

Талапкерлерді мамандықтар және колледж бойынша бағалары мен квоталық санаттарын ескере отырып саралау(конкурс)

  • 19-22 тамыз аралығында 9-сынып
  • 22-25 тамыз аралығында 11-сынып
  • 26-28 тамыз аралығында ақылы негізде

Оқуға түсу үшін қажетті құжаттар

– білімі туралы құжат;

– № 075-У үлгісіндегі медициналық анықтама;

– тұрақты мекенжайынан анықтама;

– егу парағының көшірмесі;

– бауы бар папка, 3 файл;

– конверт;

– 3х4 үлгісіндегі 4 фотосурет;

– ҰБТ қорытындысы көрсетілген сертификат, кешенді тестілеу сертификаты (талапкердің қалауы бойынша);

– жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (төлқұжат көрсетіледі);

Талапкерлерді қабылдау

  • 9 сынып негізінде-28.08.2024 ж. – 29.08.2024 ж.
  • 11 сынып негізінде -29.08.2021ж. 

Мекен-жай: Ломов көшесі, 45, 2-корпус.

Негізгі орта білім базасында мемлекеттік тапсырыс бойынша оқуға түсетін адамдар арасындағы конкурс күнтізбелік жылдың 19-22 тамызы аралығында өткізіледі. ақылы негізде – күнтізбелік жылдың 26-28 тамызы аралығында жалпы орта білім базасында, ТжКБ базасында – күнтізбелік жылдың 22-25 тамызы, ақылы негізде – күнтізбелік жылдың 26-28 тамызы, өнер және мәдениет мамандықтарына түсетіндер – күнтізбелік жылдың 29 шілдесінен 2 тамызына дейін.
Орта буын мамандарын, қолданбалы бакалавр даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылар құрамына қабылдау қабылдау комиссиясы отырысының хаттамасы негізінде ТжКБ ұйымы басшысының бұйрығымен:
1) күндізгі оқу нысанына – күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін;
2) сырттай оқу нысаны – күнтізбелік жылдың 20 қыркүйегіне дейін;
3) кәсіпорындардың (ұйымдардың, мекемелердің) өтінімдері бойынша күнтізбелік жылдың 18 тамызына дейін.
Білікті жұмысшы кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылар құрамына қабылдау:
1) күндізгі оқу нысанына – әңгімелесу нәтижелері бойынша күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін

Оқу ақысын келісім-шартқа сәйкес оқу жылы ішінде оқудың жылдық құнынан 10% кем емес, ай сайын әр айдың 1 күніне дейін төлеу қажет. Бұл ретте оқу семестріне төлем әр сессия басталғанға дейін жүргізілуі тиіс:

– бірінші сессия басталғанға дейін 50% мөлшерінде;

– Екінші сессия басталғанға дейін 100% ;

– бітіруші курс студенттері үшін диплом алдындағы немесе өзге де кәсіби тәжірибеге жіберілгенге дейін толық көлемде.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін оқу жылына 100% көлемінде алдын ала төлем жасауға болады.

Шарт жасасқаннан кейін “Банк Центр Кредит” АҚ, “Forte Bank” АҚ, “Еуразиялық Банк” АҚ, “Kaspi bank” АҚ, “Bereke” АҚ бөлімшелері мен төлем терминалдары арқылы ИнЕУ Жоғары колледжінің есеп шотына ақшалай қаражатты аудару арқылы жылдық құнының 10% мөлшерінде бастапқы жарнаны жүргізу қажет Bank “
Барлық курстардың студенттері «Банк Центр Кредит» АҚ, «Forte Bank» АҚ, «Еуразия Банкі» АҚ, «Kaspi Bank» АҚ, «Bereke Bank» АҚ бөлімшелері мен төлем терминалдары арқылы ИнЕУ Жоғары колледжінің есеп шотына ақшалай қаражат аудару арқылы оқу ақысын төлей алады

Оқу төлемақысы

Төлем туралы ереже

Қосымша ақпаратты келесі мекенжай бойынша алуға болады: Павлодар қ., М.Горький көшесі, 102/4, каб. 220, тел. 31-42-33

толығырақ
Оқу ақысын төменде көрсетілген банк реквизиттерінің кез келгені бойынша төлеуге болады
АЛУШЫ: “Инновациялық Еуразия Университетінің Жоғары колледжі” ЖШС

Банк ЦентрКредит” АҚ

ИИК: KZ738562203103887019
БИК:  KCJBKZKX

“Bereke Bank” АҚ

ИИК: KZ27914072203KZ008E4
БИК: BRKEKZKA

“KaspiBank” АҚ

Сондай-ақ, төлеуге болады
мобильді қосымша

Жеңілдіктер

Инновациялық Еуразия Университетінің Жоғары Колледжі келесі жеңілдіктерді ұсынады:
– Орташа балл бойынша жеңілдік- 50 % дейін
– Отбасылық жеңілдік-20% дейін
– Үздік оқу үшін жеңілдік- 12% дейін
– Қызметкерлер мен олардың балалары үшін – 50% дейін
– Жетекші спортшылар үшін- 12% дейін
– Колледждің қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін- 50% дейі

Жеңілдіктер туралы ереже

Қосымша ақпаратты келесі мекенжай бойынша алуға болады: Павлодар қ., М.Горький көшесі, 102/4, каб. 223, тел. 57-44-78 cpin.ineu@mail.ru

толығырақ